Алматыда оқушылар 14 ақпаннан бастап мектепке барып оқиды
Алматыда оқушылар 14 ақпаннан бастап мектепке барып оқиды
179
оқылды
Алматыда оқушылар мен студенттерге 14 ақпаннан бастап офлайн форматта оқуға рұқсат етілді. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабыловтың қол қойған жаңа қаулысында айтылған.
«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.
8 ақпанда оқушылардың күндізгі оқу түріне ауысатыны белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеген еді.