Елде өсімдік майы бір жылда 27% қымбаттады
Елде өсімдік майы бір жылда 27% қымбаттады
© РИА Новости / Георгий Зимарев
674
оқылды

Қазақстандықтар қазір өсімдік майының бір литрі үшін 769 теңге төлейді. Қаңтар айының қорытындысы бойынша, баға бір жыл ішінде 25,7% өсіп отыр. Салыстырмалы түрде елде осы уақыт аралығында азық-түлік 9,9% қымбаттады. Ал жылдық инфляция шамамен 8,5%-ды құрады. Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтар айында сектордағы жылдық өсім 38,6%-ды құраған еді, - деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Өсімдік майының келесі өңірлерде көбірек қымбаттағаны байқалады:
  • Атырау – 836 теңге;
  • Нұр-Сұлтан – 817 теңге;
  • Ақтау – 814 теңге;
  • Семей – 696 теңге.
Сондай-ақ:
  • Батыс Қазақстан облысында 35,6%;
  • Жамбыл облысыда 34,9%;
  • Ақмола облысында 31,4% қымбаттады.
Ал Шығыс Қазақстан облысында тек 18% қымбаттады. 2021 жылдың 12 айында 147,6 мың тонна рафинадталған өсімдік майы өндірілді. Көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,2% көп. Өндірістің 95,2%-ы келесі өңірлерге тиесілі:
  • Шымкент – 61,5 мың тонна;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 57,2 мың тонна;
  • Алматы – 21,8 мың тонна.
Рафинадталмаған өсімдік майының өндірісі керісінше 2,4%, 183,6  мың тоннаға дейін қысқарды. Өнімнің 77%-ы немесе 142 мың тоннасы Шығыс Қазақстанға тиесілі болды. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, нарықтың 78,8%-ын отандық өндірушілер қамтыды. Импорт – 13,2%, экспорт 19% қысқарды. Қаңтар айында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі елден 16 мың тонна өсімдік майын экспорттау үшін квота бөлді. Квотаны 47 компания алды. 920 тонна Optima logistic ЖШС мен Uly dala export ЖШС-ға тиесілі болды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Qazaq Astyq Group және "Сей-Нар" серіктестіктері мен Қостанай облысындағы "Ортамакс" жеке кәсіпкерлігі өз өнімін экспорттауға мүмкіндік алды. Мұнымен қатар, министрлік ақпанда өсімдік майын экспорттау үшін квота алуға өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді. Квота көлемі 16 мың тоннаны құрайды.