"Ресей Вена құжатына сәйкес сұраққа жауап бермеді. Біз келесі қадам жасамақпыз. Украина Ресей Федерациясы және құжаттың өзге де қатысушы мемлекеттерін 48 сағат ішінде шекарамызға жақын аудандарға Ресей әскерінің жақындауын талқылауға шақырамыз", – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.Соңғы бірнеше айдан бері АҚШ және Еуропа елдері Мәскеуді мәселенің ушығуына байланысты айыптап, шекарадан әскерін алып кетуді талап еткен. Ал Ресей әскерилердің өз аумағында тек қауіпсіздік үшін орын ауыстырғанын айтқан. Дмитрий Песков Мәскеу біртіндеп Украинаның әскери құрамын зерттеп жатқанын және мұның елді аландатып отырғанын айтқан.
Украина Ресейді 48 сағат ішінде кездесуге шақырды

129
оқылды
оқылды