2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанға 170 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция түскен. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады.
Қазақстанға ең көп қаржы салған елдердің үштігінде жыл сайын Нидерланд, АҚШ және Франция тұр. Олардан кейінгі орындарда Қытай, Жапония, Бермуд аралдары және Ресей тұр.
2019 жылдың басында шетелдік инвестиция көлемі – 160,4 млрд доллар, 2020 жылы – 161,2 млрд доллар, ал 2021 жылдың басында 166,4 млрд долларға өскен. Ал 2021 жылдың қазанында инвестиция көлемі 170 млрд долларға жеткен.
Айта кетейік, Қазақстанның ұзақмерзімді инвестиция тартуына басты кепілдердің бірі – мұнай-газ секторының дамуы. Ол ел экономикасының және қор нарығының өсуіне жақсы әсер етті. 2016 – 2021 жылдар аралығында Қазақстан нарығы (KASE, Қазақстан қор биржасының индексі) 260%-ға өсті.