Астанада есірткі таратумен айналысқан бес адам ұсталды – видео
Астанада есірткі таратумен айналысқан бес адам ұсталды – видео
Фото: qazaly.kz
177
оқылды

Көлік полицейлері астанаға героин жеткізген күдіктілерді ұстады, – деп жазады polisia.kz.

Көлік полициясының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы астанада героин таратумен тұрақты айналысқан қылмыстық топты ұстады. 28-57 жас аралығындағы 5 есірткі сатушы қолға түсті. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті негізінде ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алынған героиннің жалпы салмағы – шамамен 140 грамм.   https://youtu.be/EgFykgJ8l_A

Бұған дейін астанада есірткі даярлаған екі жас қыз ұсталған еді.