Негізгі турнирге шыға алмады
Негізгі турнирге шыға алмады
256
оқылды
Қазақстанның екінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 500 турнирі іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлем­нің 38-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік бай­қасты. Бірінші партияда чехиялық спортшы басымдылық танытты – 6:2. Екіншісінде Юлия Путинцева есе қайырды – 6:4. Ал үшінші, шешуші сет Вондроу­шованың жеңісімен аяқталды – 4:6. Екі сағатқа жуық уақытқа со­зыл­ған кездесуде қазақстандық тен­нисші 10 брейк-пойнттың төр­теуін пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс жасап, 6 брейкке қол жеткізді. Осылайша,  Юлия Путинцева негізгі турнирге өте алмады.

Әбілмансұр ЖАСАН