Азық-түлік бағасы бақылауда болады
Азық-түлік бағасы бақылауда болады
159
оқылды
ШҚО облыстық мәслихатының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұрарбек Әзекенов төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығын бақылау мәселесі қаралды. «Сауда қызметін реттеу туралы» заңның 9-бабына сәйкес, дүкендер тауарлардың бағасын өз бетінше белгілейді, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өндірушінің немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауға тиіс. «Бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға келер болсақ, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының павильондарында бағаларды тұрақтандыру бойынша жедел желі телефондары орналасты­рыл­ған. Халықтың жеміс-көкөніс өнім­деріне қолжетімділігін арттыру мақ­сатында өткізу нүктелерін ұлғайту үшін сауда объектілерімен меморан­думдар жасалды»,–дейді «Ертіс» АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Динара Шарипова. Бүгінде Семей қаласы бойынша 19 ме­морандум, Өскемен қаласы бойын­ша 26 меморандум жасалды. Әлеумет­тік-кәсіпкерлік корпорациясының 29 сауда нүктесінде, сондай-ақ бағаны тұ­рақтандыру бағдарламасы шеңберін­де қала бойынша 74 сауда нүктесінде азық-түлік сатылады. «Nur Otan» партиясының облыстық филиал төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің тап­сыр­масына сәйкес, облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына бақылау жасау үшін 257 мо­ниторинг тобы құрылды. Оған белсенді қоғам қайраткерлері, депутаттар, бло­герлер және бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері кірді. Апта сайын көрсетілген азық-түлік тізіміндегі ба­ғаның өзгеруіне талдау жасалады. Әлеуметтік маңызы бар азық-тү­лік­тердің бағасы партияның Қоғам­дық кеңесінің тұрақты бақылауында бола­ды.