15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: inbusiness.kz
123
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыста қалың қар жауады.

Кей жерлерде тұман түседі. Бұрқасын соғып, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда жел күшейеді. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с, түнде – 23-28 м/с. Павлодар облысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде – қатты бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде боран болады. Жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында желдің күші – 23-28 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, таулы аудандарда жел екпіні – 23 м/с. Ақмола облысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында желдің күші 23 м/с жетеді. Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні - 15-20 м/с. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, оңтүстігінде желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында боран соғады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Түнде Қарағанды облысында басым бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде солтүстігі мен орталығында желдің екпіні – 15-20 м/с.