Президент қаңтарда берген 140 тапсырманың 44-ін орындадық – министр
Президент қаңтарда берген 140 тапсырманың 44-ін орындадық – министр
Фото: sputniknews-uz.com
285
оқылды

Бүгін Үкімет отырысы өтіп жатыр. Ел тұрмысын түзеу үшін Мемлекет басшысы қаңтар айында 140 тапсырма берді.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, осы кезге дейін 44 тапсырма орындалды.
«Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайды тұрақтандыру үшін қаңтарда Мемлекет басшысы жедел және жүйелі жүзеге асыруға 140 тапсырма берді. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, 32 тапсырманы аяқтауға таяп қалдық», – деді Әлібек Қуантыров.
Ұлттық экономика министрлігі халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен инфляцияны бақылау және төмендетудің қамын жасауы тиіс.

Сондай-ақ шағын бизнесті қолдап, қорғап, дамыту үшін «Атамекенді» реформалап, «Қарапайым заттар экономикасының» тиімділігін талдап, майнингке салықты бірнеше есе арттыру міндеті де тұр.