«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, жиын модераторы Абдолла Идрисов күн тәртібіндегі негізгі мәселені атап, өзге де қаралатын тақырыптарды таныстырды.
Бірінші кезекте партияның сайлауалды бағдарламасының 1-2-тармақтарына қатысты мәселе көтерілді. Яғни, мұнай көлемін 2022 жылы 43 млн тоннаға дейін жеткізу және мұнай-химия өндірісі көлемін 2020 жылғымен салыстырғанда 19,7%-ға ұлғайту жұмыстары сараланды. Сонымен қатар Теңіз кенішіндегі үшінші жоба құрылысына қатысты жергілікті үлесті арттыруға және тауар өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстарды жүргізуге қатысты пікір алмасып, талқылады.
Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселелер бойынша облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаева баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен күтілетін нәтижелер туралы сөз қозғады. Ал ірі кен орындарының бірі саналатын «Теңіз» тақырыбына қатысты «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л.» офшор компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев, «Сенімді құрылыс» ЖШС бас директорының орынбасары Жазира Қалиева, «Велестрой» ЖШС бас директорының орынбасары Марко Босич баяндама жасады.
Тақырыптар кеңінен талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Айтылған мәселелерді жұмыс барысында ескеру туралы тараптар да атап өтті.
Жиын соңында модератор А.Идрисов депутаттарды белсенді жұмыс істеуге шақырып, кеңес отырысын қорытындылады.