Маңғыстау халқына үндеу жолдаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатқанын хабарлады.
Облыс әкімінің айтуынша, жалақыны көтеру мәселесін Жаңаөзен қаласына іссапармен келген «Қазмұнайгаз» компаниясының басшысы Алик Айдарбаев өз бақылауына алған. Қаладағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бастаған арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Нұрлан Асқарұлы облыс тұрғындарын сабыр сақтауға шақырып, көтерілген мәселерді шешуге уақыт қажеттігін айтты.
Қазір Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес нысандары қосымша 50 жаңа жұмыс орнын ашуға міндеттеме алған. Мұнан бөлек, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы қысқа мерзімде Жаңаөзен қаласының 150 жұмыссыз азаматын жұмысқа орналастырмақ. Тағы 150 тұрғынды сервистік мекемелерге жұмысқа қабылдауды жоспарлаған.