Қазақстанда алдағы 3 күнде 33 градус аяз болады
Қазақстанда алдағы 3 күнде 33 градус аяз болады
© stan.kz
280
оқылды
"Қазгидромет" РМК 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклонның ықпалында болады. Онымен күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Тек қиыр солтүстікте және 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронтальді бөлімдердің әсерінен қар жауады. Термометр бағаны солтүстікте түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аязды көрсетеді деп болжануда", – делінген хабарламада.