Қаңтарда миллионнан астам долларды шетелге алып кетпек болған жолаушылар ұсталды
Қаңтарда миллионнан астам долларды шетелге алып кетпек болған жолаушылар ұсталды
Фото: news.1777.ru
219
оқылды

Биыл қаңтар айында Қазақстан азаматтары 1 миллионнан астам АҚШ долларын декларацияда көрсетпей, шетелге шығармақ болған, – деп жазады 24.kz.

«Жетісу», «Әуежай-Астана», «Жібек Жолы», «Қазығұрт», «Түркістан-КРО-Әуежай», «Әуежай-Шымкент», «Әуежай-Актау» кеден бекеттерінде 48 заң бұзу дерегі анықталды. 47 әкімшілік құқық бұзу дерегі туралы материал жиналды. Ұсталған жолаушыларға 1 жарым миллион теңге айыппұл салынды.
Ескерер жайт, заң талабы бойынша шетелге сапарға шығатын жолаушының 10 мың доллардан артық қолма-қол ақшасы болса, сол қаржыны міндетті түрде декларациялау керек.

Бұған дейін шетелге аударылған 530 миллион доллар елге қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.