Сенат Жоғарғы соттың тағы бір судьясын қызметінен босатты
Сенат Жоғарғы соттың тағы бір судьясын қызметінен босатты
Фото: sud.gov.kz
257
оқылды

Сенат Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады.

«Президенттің ұсынысы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР Сот жүйесі мен сульяларының мәртебесі турлы» ҚР Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді: Сенатқа Жаңылсын Баянқызы Архарованы орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғары сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады, – деді сенатор Владимир Волков.
Сенат ұсынысты қолдап, қаулыны қабылдады.

Бұған дейін Жоғарғы соттың үш судьясы сайланғанын  хабарлаған болатынбыз.