Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Үкіметке қағазбастылық туралы сауал жолдады.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге меморгандарға кіріптар болып отыр.
Өткен 4 жылда агроөнеркәсіпті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 2 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бірақ іс жүзінде тек 1,6 млрд теңге жұмсалды. Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығының өзге мемлекеттік органдарға кіріптарлығы шұғыл шешім қабылдауға кедергі келтіреді.
«Ауыл шаруашылығы министрінің барлық негізгі нормативтік бұйрықтары міндетті түрде басқа мемлекеттік органдармен келісіледі. 2020-2021 жылдары субсидиялау қағидаларын, регламенттерді келісуге 20-30 күннен жеті айға дейін уақыт кетті», – деді депутат.