Мектепте “Өзін-өзі тану” енді міндетті пән болмайды
Мектепте “Өзін-өзі тану” енді міндетті пән болмайды
© azattyq-ruhy.kz
382
оқылды
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігіне бұл пәнді білім бағдарламалары тізімінен шығару туралы ұсыныстар келіп түсті. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни, қыркүйектен бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр.
Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізіледі, – делінген министрліктің хабарламасында.