Қазақстандықтар электронды әмияндар арқылы терроризмді қаржыландырған
Қазақстандықтар электронды әмияндар арқылы терроризмді қаржыландырған
© banki.ru
304
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Сириядағы жауынгерлер иелік ететін шетелдік QIWI әмияндарына жүйелі түрде ақша аударған жеке тұлғаға қатысты тергеу жүргізді.  
"Бұл азаматтың күдікті операциялары туралы алғашқы ақпарат QIWI-ден келіп, құқық қорғау органдарына жедел әрекет етуге және терроризмді қаржыландыру схемасын жоюға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, төлем ұйымдары есірткі және психотроптық заттарды сатып алу үшін пайдаланылды. Агенттік Қазақстан азаматының әлеуметтік желілерде есірткі заттарын жарнамалағанын және төлем терминалдары арқылы төлемдерді қабылдағанын анықтады", - делінген хабарламада.
Төлем терминалдары қылмыстық схемаларда танымал, себебі клиент анонимді болып қалуына мүмкіндік береді. Мысалы, есірткі заттарын сатушы төрт ай ішінде бірдей сомамен 450 ақша аударымын алғанын тергеу барысында дәлелденген. Жоғарыда келтірілген мысалдар төлем ұйымдарының қылмыстық әлемге ықпал етудегі тәуекелдерін нақты көрсетеді. Төлем ұйымдарының Агенттікпен тығыз өзара іс-қимылы қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру фактілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, кейбір төлем ұйымдарының Агенттіктің сайтында орналастырылған қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру типологиялары мен схемаларын пайдаланбауы алаңдаушылық тудырады (afmrk.gov.kz). Сонымен қатар, Қазақстанда қаржылық операциялар туралы деректерді жинау жүйесінде тіркеуден өтпеген төлем ұйымдары бар. Мұндай ұйымдардың тізімі сайтта жарияланады. Агенттік аталған ұйымдарға дереу WEB-СФМ тіркеуден өтуді және Қаржылық мониторинг агенттігіне шекті және күдікті операциялар туралы уақтылы хабарлауға шақырады. Агенттікпен ынтымақтастық және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда төлем ұйымдары 8 701 899 99 55 (Қанат Балаби, төлем ұйымдарымен қарым-қатынас бойынша куратор) нөмірі бойынша хабарласа алады.