Болат Жәмішев тағы бір компанияның қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Болат Жәмішев тағы бір компанияның қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды
© azattyq-ruhy.kz
274
оқылды
Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды қордың ресми сайты 16 ақпанда "Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлері, сарапшылар, қаржы секторының өкілдері мен медиа-қоғамдастық өкілдері кірген. Ашық дауыс беру нәтижесінде кеңестің төрағасы болып "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев сайланған. "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің жұмысы қаржылай шығындарды талап етпейді. Себебі, Қоғамдық кеңес мүшелеріне ешқандай еңбекақы төленбейді. Болат Жәмішев атап өткеніндей, қоғамдық кеңестің мақсаты – ең алдымен, қоғамдық пікірді қалыптастырып, жетілдіру, "Самұрық-Қазына" АҚ атына азаматтардан келіп түсетін сауалдарды нақты ұсыныстарға айналдырып, қордың басқару органдарына жеткізу. Бұған дейін "Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішев қордың қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтқанын жазған болатынбыз.