Қызылордада Ортсайлауком төрағасы қоғам өкілдерімен кездесу өткізді
Қызылордада Ортсайлауком төрағасы қоғам өкілдерімен кездесу өткізді
340
оқылды

Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында сайлау комиссияларының мүшелерімен, саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және блогерлермен сайлау процесі мәселелері бойынша үлкен кездесуі болды.

Кездесуді аша отырып, ол Ортсайлаукомның республиканың барлық өңірлеріне жұмыс сапарының циклі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отырғанын атады. Ортсайлауком төрағасы «Алғашқы кездесуіміздің осы Сыр бойында өтіп отырғаны да кездейсоқ емес, бұл мекен Қазақстанның тұңғыш елордасы әрі киелі топырағы» – деп атап өтті. Кездесуде сайлауды ұйымдастырушылар мен жергілікті жұртшылық өкілдерінің сайлау жүйесін және оның заңнамасын жетілдіру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде оны құқықтық тұрғыдан қолдану жөніндегі кешенді мәселелері мен ұсыныстары талқыланды. Ортсайлауком Талқылау барысында ОСК Басшысы Ортсайлауком мен төмен тұрған сайлау органдарының негізгі міндеті заңнамаға сәйкес барлық сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылатынын ерекше айтып өтті. Кездесу қорытындысы бойынша ол іс-шараға қатысушыларға сындарлы диалог, белсенді азаматтық ұстаным және сайлау процесінің өзекті мәселелерін талқылауға деген ұмтылысы үшін ризашылығын білдірді. Қоғам өкілдері өз кезегінде Ортсайлауком басшылығына сайлау процесіне қатысушыларға өз пікірлерін білдіруге және сайлау процесін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік туғызып отырған осындай ашық алаңды ұйымдастыруға бастама жасағаны үшін алғыстарын білдірді.