Қазақстан мен Ресей арасында жер мәселесіне қатысты дау ешқашан туындаған емес – Тоқаев
Қазақстан мен Ресей арасында жер мәселесіне қатысты дау ешқашан туындаған емес – Тоқаев
232
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасында жер мәселесіне қатысты дау ешқашан туындамағанын айтты. Тоқаев екі ел арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар екенін айтты.
"Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді. Екінші мәселе бойынша, Президент расында да, кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылғанын жеткізді. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В.Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.