Морозова – 11, Айдова 19-орында
Морозова – 11,  Айдова  19-орында
195
оқылды
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 1 000 метрге конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты. Біздің конькишілер арасынан үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол аталған қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, қо­ры­тынды есепте 11-орын алды. Екатерина Айдова 1:16.70 уа­қыт көрсеткішімен жарысты 19-орын­да аяқтады. Конькишілер додасында Олим­пиада рекордын орнатқан жа­пон­дық Михо Такаги (1:13.19) жеңіс­ке жетті. Екінші орынды ни­дер­ланд­тық Ютта Лердам (1:13.83), үшінші орын­ды аме­ри­ка­­лық Бриттани Боуи (1:14.61) ие­­ленді.

Әбілмансұр ЖАСАН