Қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау өзекті
Қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау өзекті
210
оқылды
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің қызметін реформалау барысы, ұлттық қауіп­сіздік органдары жұмысының негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттері туралы баяндалды. Ермек Сағымбаев қазіргі уақытта ҰҚК-нің құ­зыреті аясында билікті күшпен басып алу, террорлық актілер, жаппай тәртіпсіздік пен басқа да қылмыстарға қатысты 27 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүр­гізіліп жатқанын мәлімдеді. Осы қылмыстық істер бойынша 24 адам қамауда отыр. Оның 14-і – деструктивті діни ағым өкілдері. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес ая­сында Алматы қаласында ТМД елдеріне есірткі тасы­малдайтын өз «майнинг-фермасы» бар ірі есірткі ла­бораториясы жойылды. Құны 3,7 миллиард теңге бола­тын 188 келі мефедрон және 57 миллион теңге тәр­кіленді. ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны кү­зету жұмыстарын күшейтіп жатыр. Қаңтар-ақпан ай­­ларында 2133 құқықбұзушы мен 22 су көлігі ұстал­ған. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет бас­шысы ҰҚК органдарының жұмысын жетілдіру жөнін­де бірқатар нақты тапсырма берді.