IT саласына оқуға түсетіндер ҰБТ-да физика емес, информатикадан тест тапсырады
IT саласына оқуға түсетіндер ҰБТ-да физика емес, информатикадан тест тапсырады
Фото: saryarka-samaly.kz
739
оқылды

IT саласына оқуға түсуге ниетті талапкерлер ҰБТ-да бұрынғыдай физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрлігі хабарлады.

Министрлікке жоғары оқу орнында IT бағытында білім алғысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-да бейінді пәндер тізбесіне «Информатиканы» енгізу туралы өтініштер көбейген. «Сондықтар министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» пәнінен тест тапсырады деген шешім қабылдады. 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді. Бұл ретте сынақ ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады» делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бұған дейін ҰБТ кезінде ұсталған талапкерлер туралы жазған болатынбыз.