Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымынан босатылды.