Бүгін Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.
Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.
Бұған дейін Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысымен партияның сайлауалды уәдесінің орындалуын талқылағанын хабарлаған болатынбыз.