Павлодар облысында заңсыз майнингпен шұғылданғандар ұсталды
Павлодар облысында заңсыз майнингпен шұғылданғандар ұсталды
329
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігі тексеру жұмыстары барысында Павлодар облысының аумағында  заңсыз майнингпен айналысатын кәсіпорынды анықтады. Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-1 аумағында орналасқан майнингтік дата-орталықтардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін электр энергиясын заңсыз тұтыну мен сату ісі ұйымдастырылып келген.
«Бұл ретте электр энергиясы жеке ЖШС-дан екі кәсіпорынның атына түсіп отырған. Сонымен қатар, ЖШС-ның электр энергиясын беруге лицензиясы болмаған. Өйткені, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы« Заңға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілердің Табиғи монополияларды реттеу комитетінен лицензиясы ие болуы тиіс», - делінген хабарламада.
Алдын ала жасалған акт-қорытындыға сәйкес белгіленген табыс сомасы 805 миллион теңгені құраған.