Атырау облысында 28 қаңтарда жоғалып кеткен зейнеткердің өлі денесі табылды.
Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұрған зейнеткер 28 қаңтарда кешкі сағат 19:30 шамасында үйінен шығып, қайта оралмаған.
azh.kz мәліметінше, іздеу барысында полицияның кинология қызметінің қызметтік иті Жайық жағалауынан із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Оның басы денесінен бөлініп қалған.
Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.