Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-18.02.2022
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-18.02.2022
178
оқылды
«Қазгидромет» синоптиктері алты облыста дауылды ескерту жариялады.
19-21 ақпанда Түркістан облысының солтүстігін тұман басады. 19 ақпан күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігін тұман басады. Оралда 19 ақпан түнде және таңертең тұман болады. 19 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады. 19 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 15-20 м болады. 19 ақпанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман болады.