Қазақстанда БЖЗҚ салымшыларының белсенділігі тұрақталып жатқанына қарамастан, нарықтағы пәтерлердің шаршы метрінің бағасы өсуін тоқтатпаған, - деп хабарлайды FinReview.
2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, жаңа үйлер 2,1%-ға, екінші нарықтағы пәтерлер 2,8%-ға қымбаттады.
"Тұрғын үй құнын түзету 2022 жылғы сәуірге дейін 10% шегінде жалғасады деп болжанып отыр. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша жеткіліктіліктің жаңа шегі енгізілгеннен кейін нарық қайта жанданады. Дегенмен, айтарлықтай түзету күтілмейді. Бұл инфляцияның өсуі және адамдардың өз жинақтарын құнсызданудан құтқару ниетіне байланысты" делінген FinReview сараптамасында.
Болжам бойынша, 2022 жылы тұрғын үй бағасы төмендемейді, бірақ бірінші жартыжылдықта 5% шегінде өседі. Ал екінші жартыжылдықта бағалар 10% шегінде өседі деп күтіліп отыр.