Шенеуніктер екі елден зейнетақы алып келген қарияларды сотқа беріп жатыр
Шенеуніктер екі елден зейнетақы алып келген қарияларды сотқа беріп жатыр
Сурет: congerdesign
346
оқылды

Ақтөбе облысында 50-ге жуық тұрғын екі елден зейнетақы алып келген. Қазір шенеуніктер артық ақша алған қарттарды жаппай сотқа беріп жатыр, - деп хабарлайды КТК арнасы

Сотқа шақырылған зейнеткерлердің барлығы кезінде Ресейге көшіп, сол елдің азаматтығын алған. Кейін жерсінбегенін айтып кері оралыпты. Бірақ көрші елден зейнетақы алуды доғармаған. Ең қызығы арам оймен Ресейге кеткендер де анықталып жатыр. Өйткені ол жақта зейнеткерлікке біздің елге қарағанда үш жыл ерте, яғни ерлер алпыс жаста шығады. Қазір алты зейнеткер қос елден заңсыз алған ақшаны қайтарып беруге келісті. Олардан 18 миллион теңге өндірілетін болды. Ал қалған қырық қария сотсыз ештеңені кері қайтармаймыз деп отыр.
"40 адамға байланысты 36 адам істері сот арқылы қаралуда. Төрт азаматпен жұмыс істеп жатырмыз. Салыстырып тексеру сәйкестендіріліп, екі жақтан да қай азаматтың зейнетақы алып жатқаны тізім бойынша анықталып, біз жұмыстарымызды өз тарапымыздан жүргізіп жатырмыз", - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ақтөбе облысы филиалы директорының орынбасары Самал Нұғыманова.