Azattyq ryhy - үздік! Елордада «Халық сүйіктісі-2022» сыйлығы табысталды
Azattyq ryhy - үздік! Елордада «Халық сүйіктісі-2022» сыйлығы табысталды
385
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыстау салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен, «Жылдың үздік спортшысы» аталымымен қазақстандық паралимпиялық пауэрлифтингші Давид Дегтярев, «Жылдың үздік мұғалімі» аталымымен Нұр-Сұлтан қаласы ҚМУ 89 мектеп-лицейінің география мұғалімі Алтынай Садуақасова мен Жезқазған индустриялдық-гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Данияр Тулеубаев, «Жылдың үздік дәрігері» ретінде танымал хирург Юрий Пя марапатталды. Бұдан бөлек, «Жылдың үздік парламентарийі» Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин атанса, «Жылдың үздік тележүргізушісі» сыйлығы Ақбөпе Тәңірберген мен Динара Сатжанға, «Жылдың үздік интернет порталы» сыйлығы Azattyq Rýhy ақпараттық-сараптамалық агенттігіне, «Блогосфера көшбасшысы» сыйлығы Ілияс Мыңжасаровқа табысталды.  width=Ал, «Батыл жүрек» құрметті сыйлығы жауынгер-интернационалист Раджан Батырқановқа (1975-1994) берілді. Сыйлық жауынгердің анасы Қизат Батырқановаға табыс етілді. «Алтын дәуір» арнайы жүлдесімен Қазақ киносының ардагері, белгілі актер Нұржұман Ықтымбаев пен қоғам қайраткері Айгуль Соловьева, «Табыс пен даму» құрметті сыйлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Мәдени мұра» сыйлығымен «Алтын Орда» авторлық дизайнерлік үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада, «Ұлттық дипломатияны дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен дипломат Бағдад Әміреев марапатталды.  width=Мұнымен қоса, «Жылдың үздік кәсіпкері» құрметті сыйлығы Имсталькон-Теміртау» ЖШС бас директоры Иван Георгадиге, «Жылдың үздік әлеуметтік бизнесі» құрметті сыйлығы Петропавлдағы «Семейный» супермаркет желісіне және Қызылорда облысының «Жан Арай Жем» ЖШС ұжымына берілді.  width= «Жыл меценаты» құрметті сыйлығына «Отау Групп» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов, «Жыл фермері» сыйлығына «Әдемі-Астық» ЖШС (СҚО) директоры Бақыт Құсайынов пен «Абай Дәулет» ЖШС (Қызылорда облысы) директоры Мұрат Сәрсенбаев лайықты деп танылды.