Аялдамада көлік қаққан 11 жастағы бала көз жұмды
Аялдамада көлік қаққан 11 жастағы бала көз жұмды
Фото: kaz.nur.kz
195
оқылды

Оқиға Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында болды. Аялдамадан түсіп, жол жиегінде тұрған 11 жастағы баланы көлік қағып кеткен.

Полиция департаментінің мәліметінше, 19 ақпан күні сағат 13:14-те мектептен автобуспен қайтқан оқушы аялдамадан түскен. Кенет жол жиегінде тұрған баланы қарсы бағытта келе жатқан Audi маркалы автокөлік қағып кетті. Көлік жүргізушісі бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда 11 жасар бала оқиға орнында қаза тапты. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында мектептен қайтып бара жатқан оқушыларды қаққан жүргізуші қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.