Министрліктің хабарлауынша, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді.
Мобильді топтар тексерулер нәтижесінде соңғы бес күнде жалпы тұтыну қуаты 202 мегаватт болатын 13 майнинг ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты, – делінген хабарламада.Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі сегіз өңірде тіркелді:
- Қарағанды облысында жалпы қуаты – 31,3 мегаватт,
- Павлодар облысында – 22 мегаватт,
- Түркістан облысында – 3,28 мегаватт,
- Ақмола облысында – 1,03 мегаватт,
- Қостанай облысында – 0,82 мегаватт,
- Нұр-Сұлтанда – 1,8 мегаватт,
- Алматыда – 3,5 мегаватт,
- Шымкентте – 4 мегаватт.