ІІМ: қаңтар оқиғасынан кейін 52 адам сотталды
ІІМ: қаңтар оқиғасынан кейін 52 адам сотталды
© AP Photo / Vladimir Tretyakov
364
оқылды
Қаңтар оқиғасынан кейін 52 адам сотталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, - деп жазады baribar.kz. 
"Ішкі істер органдары тергеушілері қаңтар оқиғасы бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істі айыптау актілерімен аяқтады. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар — 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзге де қылмыстар құрайды", — деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде.
Санжар Әділовтің айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілді.
"Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды", — деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.