Алматыда тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ ұрлағандарға алғашқы үкім шықты
Алматыда тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ ұрлағандарға алғашқы үкім шықты
232
оқылды
Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, – деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.
«Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды», – хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр. Бұған дейін серіктесінің денесін мәйітханадан ұрлап кеткен қылмыскер ұсталғанын жазған болатынбыз.