Елімізде халықаралық такси қызметтерінің бірі жұмысын тоқтатады
Елімізде халықаралық такси қызметтерінің бірі жұмысын тоқтатады
Әлемнің 15 елінде қызмет көрсететін DiDi такси қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресейде жұмысын тоқтатады.
"Біз өз миссиямыз – жолаушылар мен серіктестеріміздің күнделікті өмірін ыңғайлы етіп, ең жақсы қызмет ұсыну деп есептейміз. Өкініштісі, біз мұны Қазақстанда бұдан былай жалғастыра алмаймыз. Мұнда DiDi 2022 жылғы 4 наурыздан бастап жұмысын тоқтатады", – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Олар іске қосылған сәттен бастап өздерін қолдаған барлық жүргізуші мен жолаушыға алғыс білдірді.
"4 наурызға дейін әдеттегідей DiDi қызметіне жүгіне аласыз", – деп толықтырды компания.