Атыраудағы Ұлттық ұланның сарбазы әскери борышын өтеу үшін бірнеше айдың ішінде 20 келі салмақ тастаған.
Былтырғы желтоқсанда Тараз қаласынан Қарулы Күштер қатарына шақырылған Никита Шевиннің бойы – 1 метр 99 сантиметр. Аяғына 47 өлшемді етік киеді. Казарманың кереуетіне әрең сыяды екен.
«Тараз қаласының теміржол колледжінде арнайы орта білім алған. Колледжде оқып жүргенде әскерге барулы ойлана бастадым. Бірақ, былтыр жазда әскерге шақыру пунктіне келгенімде менде артық салмақ ауыр еді. Сол кездегі салмағым – 140 келі. Бұл әскерге баруыма кедергі болды. Сөйтіп, оқуымды жалғастыра бердім. Қазір әскери борышымды мұнайлы шаһар – Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімде атқарып жүрмін. Былтырғы желтоқсанда Тараз қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылдым», -дейді Никита Шевин.
Сарбаздың айтуынша, артық салмақтан арылу үшін жаттығуды бастаған. Бірнеше айдан кейін 20 келіден астамға арықтаған.