Ресей президенті ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін тану туралы жарлық шығарды
Ресей президенті ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін тану туралы жарлық шығарды
Фото: evraz-rnd.ru
421
оқылды

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс жиынынан кейін халыққа үндеу жасады.

Ол Луганск Халық Республикасы мен Донецк Халық Республикасының тәуелсіздігін тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Кремльде ЛХР мен ДХР–ды тану туралы екі жарлыққа қол қойды, – деп жазады Tengrinews.kz. Жарлық шығарғаннан кейін Путин ДХР басшысы Денис Пушилинмен Ресей мен Донецк Халық Республикасы және ЛХР басшысы Леонид Пасечникпен Ресей мен Луганск Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге жеке-жеке қол қойды.

Бұған дейін Украинаның олигархтары мен бизнесмендерінің 20 чартерлік рейсі елден ұшып кеткені туралы жазған болатынбыз.