«Қазгидрометтің» хабарлауынша, көктемде ауа райы күрт құбылмалы болады.
Наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 пайызға жоғары болады.
Атырау облысының батысы мен солтүстік-батысында күн жылы болады деп болжанып отыр.
Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.
Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады.
Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады.