Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскідегі ахуалды тұрақтандыру шешіміне пікірін айтты, – деп жазады inform.kz.
«Кеше Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларын тұрақтандыру жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы талқылану үстінде», – деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның күн тәртібінде аталған екі республиканы мойындау мәселесі тұрған жоқ.
«Біз халықаралық құқықты және БҰҰ ұстанымын ұстанамыз», – деді Тілеуберді.
Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің «Ресей өтініш білдірсе, Қазақстан Донецк пен Луганскіге өз әскерін жібере ме?» деген сауалына да жауап берді.
«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Оған Қазақстан мүше. Бірақ, бұл ұйымның ол жаққа әскер жіберуге құқы жоқ», – деді Мұхтар Тілеуберді.