Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары алаяқтарға 70 миллион теңге берген
Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары алаяқтарға 70 миллион теңге берген
© 24.kz
331
оқылды
Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларды жою туралы тапсырманы орындау аясында Қарағанды облысы бойынша ҚМА аумақтық Департаментінің қызметкерлері Қарағанды және Теміртау қалалары аумағында қаржылық (инвестициялық) пирамиданың құрылу және қызмет ету фактісінің жолын кесті. Қылмыстық схема азаматтардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомада инвестициялар тарту үшін құрылған, 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде салым сомасының 10%-ы мөлшерінде төлемдер уәде етілген. Тергеу барысында пирамиданың ұйымдастырушылары Instagram әлеуметтік желісі арқылы басқа салымшылардың кірістерін жалған жарнамалау арқылы жеке тұлғалардың ақшалай сыйақы алу және бұрын салынған ақша сомасын қайтару шартымен 70 миллион теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатты тартумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.