Қазақстанның үш облысында 23 ақпанда боран, тұман және басқа да қолайсыз ауа райы күтіледі,- деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 23 ақпанда тұман күтілуде. Оралда 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысы мен орталығында 23 ақпанда тұман күтілуде. Ақтөбеде 23 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.