22 ақпанда республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" тас жолы қатты боранға байланысты жабылды.
22 ақпанда сағат 18:20-да ауа райының нашарлауына байланысты (жол көрінбеу, қатты боран) республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" тас жолындағы (84-184 км) қозғалыс барлық көлік түрлері үшін жабылды, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіАлматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы жол жүріс жоспарын кейінге шегере тұруды және 112 қызметі жіберетін SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.