Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтты.
Ресей президенті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылады.