Лакшми Митталмен кездесті
Лакшми Митталмен кездесті
275
оқылды
Мемлекет басшысы «Ар­селорМиттал» компания­сы­ның басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді. Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал «Ар­селорМиттал Теміртау» компа­ниясының жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқы­лады. Президентке компанияның инвестициялық бағдарламасы және өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ Қазақстанмен алдағы уақыттағы серіктестік аясында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөнін­дегі жоспары туралы мәлімет бе­рілді. Сондай-ақ құрал-жаб­дық­тарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қыз­меткерлерді оқытудың аса ма­ңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбек­ақы төленуге тиіс екенін айтты. Сонымен қатар «Арселор­Миттал Теміртау» компания­сы­ның 2024 жылға қарай қалдық­тар­ды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайту, сондай-ақ осы стратегияны іске асыруға Қа­рағанды облысының жұртшы­лығын тарту үшін қабылдап жат­қан шараларына ерекше назар аударылды.