Жуырда Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Жуырда Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Фото: uainfo.org
204
оқылды

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайтадан ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Наурыз айының басынан Қазақстанның Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейхке ұша бастайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Былтыр пандемияға байланысты желтоқсан айында Қазақстан мен Египет арасында әуе рейсі тоқтатылған еді.