Елімізде екі-үш күнде 26 градус аяз болады
Елімізде екі-үш күнде 26 градус аяз болады
Фото: newsroom.kz
140
оқылды

Қазақстанда 24-26 ақпан аралығында ауа райы күрт суытады.

Екі-үш күнде оңтүстік әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. 15-23 м/с-ке дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады.