Ойнап жүріп от басты: 16 жастағы ақтаулық тир ойнап, оққа ұшты
Ойнап жүріп от басты: 16 жастағы ақтаулық тир ойнап, оққа ұшты
©exk.kz
388
оқылды

Ақтауда 16 жастағы жасөспірім тирге барып, абайсызда өзін жаралады. Бұл жайында блогер Азамат Сәрсенбаев хабарлады.

Оқиға өткен сенбі, 19 ақпанда Ақбота қалалық саябағындағы аттракционның бірінде болған. – Балаға оқ абайсызда тиген. Негізі өзінің салғырттығы ғой. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына бірден жеткізіліп, жасөспірім бастан-аяқ тексеруден өткізілді. Дәрігерлер баланың кеудесіне қадалған оқты алу үшін күрделі отаны да жасап үлгерді, – дейді ол. Айтуынша, ота 40 минутқа созылған. Қазір баланың жағдайы жақсы. Жақын арада ауруханадан шығады.