Бас прокуратураның арнайы прокурорлық қызметінің басшысы Ризабек Ожаровтың айтуынша, прокурорлар Талдықорғанда ыстық үтікпен азапталған ер адамның да арызын қараған.
«Бізде бар мәлімет бойынша, осындай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында 3 адам және Талдықорғанда бір адам қайтыс болды. Сондай-ақ біз азаптау бойынша атышулы Талдықорғандағы істі қарадық. Осы деректер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ризабек Ожаров.