Алматы әкімдігінің өртенген ғимаратының шатырынан адам мәйіті табылды
Алматы әкімдігінің өртенген ғимаратының шатырынан адам мәйіті табылды
Өртенген Алматы әкімдігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
237
оқылды
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты жаңа деректер ұсынды. Ол "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Алматы әкімдігінің ғимараты өртенген соң шатырынан адамның мәйіті табылғанын айтты. Марқұмды тәртіпсіздікке қатысқандар өртеп жіберген.  Ожаровтың айтуынша, Алматы әкімдігінің өртенген ғимаратын тексеруге тергеушілер бірнеше күн жұмсаған. Бұл іске криминалистика, өрт сөндіру техникасы, тауартану, сейсмология саласындағы көптеген маман тартылды.
"Олар өрт себептерін, келтірілген зиян мөлшерін, ғимараттың төбесіндегі адам өлімінің мән-жайларын анықтауға мүмкіндік беретін тергеу сұрақтарына жауап беруі керек еді. Онда күйген мәйіттің табылғанын естеріңізде ме? Бұған дейін тергеуші әр сарапшыға тұтқындау мен бүліктердің барлық жағдайына назар аудару үшін сауатты және нақты сұрақтар дайындауы керек еді", – деді Ожаров.
Бұған дейін 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасап, артынша өртеп жібергенін жазған болатынбыз.